Төреғали Төреәлі - Ақиқат (2017)
Трек

Ақиқат (2017)

Слушать
Скачать
1K
Текст песни
Текст песни: Әр бір қазақ батыр
Бір біріне шатыр
Қайда екенін қайдам
Жүріп келе жатыр
Жігіттерім дүл-дүл
Аруларым бұл-бұл
Тариxымда мін жоқ
Болашағым бұлдыр
Ұлың сырға тақты
Қызың арын сатты
Бауыр болғасынба
Жүрегіме батты
Сәбилерде тәтті
Қоқыстардан тапты
Кім айтады мұны
Мен айтпасам қатты
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат

Жаза басқан жан көп
Жазалайтын заң жоқ
Ақсақалдан қазір
Шарап ішкен шал көп
Сөздерінде мән жоқ
Көздерінде шам жоқ
Көретіндей кино
Тыңдайтындай ән жоқ
Түтәм алдау дінім
Дүнше молда пірім
Жау көреді қалай
Қазақ бірі бірін
Алабажақ тілім
Шала қазақ ұлың
Анасы бар тұғын
Мамасы бар бүгін
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат

Кәмелеттік жасқа
Калимасыз баспа
Жаратқанның құлы
Екенінді раста
Еліктеуді таста
Ақылыңды шашпа
Үлгі болар кім бар
Пайғамбардан басқа
Бір адамдар шықты
Жүректері түкті
Батырларға әлсіз
Әлсіздерге мықты
Басшыңда бар әлгі
Тұратындай мәңгі
Заңды бұзып қойса
Өзгертетін заңды
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат

Біреу тендер алыпты
Теңге судай ақты
Бастапқыдан қымбат
Басындағы шәпкі
Гай шофырды аяп
Ұстамайды таяқ
Қолында ақша жоққа
Қолайлысы аяқ
Ұстаз ойы терең
Еңбегі бар ерең
Айлық алмау керек
Шәкіртіңнен төмен
Миллион миллион теңген
Артық емес ертең
Дәрігерге қимай
Депутатқа берген
Сақтап баба сертін
Ойымды айттым еркін
Жасырғанмен іште
Жазылмайды дертім
Шындықта жоқ шеңбер
Маған ренжімеңдер
Бәрі ащы болса
Дертімізді емдер
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
Бұл бұл ақиқат
У нас вы можете скачать песню Төреғали Төреәлі – Ақиқат (2017) в формате MP3 на телефон или компьютер, а также слушать онлайн бесплатно. Трек "Ақиқат (2017)" исполнителя Төреғали Төреәлі доступен в хорошем качестве. На странице вы можете прослушать композицию онлайн и открыть другие песни этого артиста.
Song cover Song cover

Текущий плейлист