Димаш Кудайбергенов - Akkuym
Ән мәтін
Ән мәтін: Бақытыңды басқадан іздедің сен,
Аяулым, асылым.
Үмітімді өзіңнен үзбедім мен,
Аңсадым, ғашығым!
Неліктен махаббаттың гүлі солды,
Айтылды жүрек жыры соңғы.
Қарамадың бұрылып,
Менен мәңгі түңіліп.
Кеткені ме
Пәк сезімдер суынып?
Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!
Тағдырдың жазуына бар ма шара,
Қош, менің - қымбаттым.
Жүрегіңде жалын от қалмаса да,
Соңғы рет тіл қаттым.
Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай,
Жүре алмаспын есіме алмай.
Қатар ұшқан сыңарым,
Сөнді сезім - шырағым.
Өзіңе арнап жазылған жыр-әнім,
Бақытты бол!
Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!
Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!
Бақытты бол...
Біздің сайттан Димаш Кудайбергенов – Akkuym әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Akkuym» әні Димаш Кудайбергенов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама