Ernar Aidar - Ұнатамын
Трек

Ұнатамын

Тыңдау
Жүктеп
1.6K
Ән мәтін
Ән мәтін: Қарап қалсан елітпей қоймайтын
Күлімдесен еркелеп ойнайтын
Көздерің көздерің көздерің
Бар шындығын жасыра алмайтын
Балдай тәтті назданып алдайтын
Сөздерің, сөздерің, сөздерің
Адалымсың, бағалымсың, дара гүлсің жаным

[Қайырмасы]
Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ
Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақтап
Ұнатамын, тылсым бе едің жырсың бе едің?
Ұнатамын, жанның баға алмайтын әр ісіңді сенің
Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің
Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді
Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным

Құшақтасаң кеудемді қағатын
Бар әлемді сыйдыра алатын
Жүрегің, жүрегің, жүрегің
Махаббатым болып жүруіңді,
Менен ұзақ өмір сүруіңді
Тіледім, тіледім, тіледім
Қосылғанын жасырмадым
Қасыңдамын жаным

[Қайырмасы]
Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ
Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақтап
Ұнатамын, тылсым бе едің жырсың бе едің?
Ұнатамын, жанның баға алмайтын әр ісіңді сенің
Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің
Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді
Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным
Біздің сайттан Ernar Aidar – Ұнатамын әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Ұнатамын» әні Ernar Aidar орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама