Назар - Қазақ қыздары (2018)
Трек

Қазақ қыздары (2018)

Тыңдау
Жүктеп
1.4K
Ән мәтін
Ән мәтін: Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары
Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары

Шығысымның сұлулары асқаған
Сыңғыр шолпы шашбауымен мақтанам
Өралтайдың биігінен өр мінез
Қадірі мен қасиетін сақтаған

Ей жігітім жігітім жігітім
Келер болсаң мөп мөлдір сезіммен кел
Серт болатын семсердей сөзіңмен кел
Егер қолың жетпесе әуре болма
Мұқағал атамыз айтқандайын
Өз обалың өзіңе өзіңнен көр

Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары
Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары

Тәлем менен тәрбиенің мәйегі,мәйегі
Хаз сұлудан әр ханзада дәмелі,дәмелі
Ары менен абыройын сақтаған
Оңтүстіктің арулары арулары арулары адемі

Мұқағали сұлуларды көп дейді
Бола берсін сұлу қыздар көп мейлі
Салтын сақтап дәріптейтін дәстүрін
Батысымның қыздарына жетпейді

Ей жігітім жігітім жігітім
Келер болсаң мөп мөлдір сезіммен кел
Серт болатын семсердей сөзіңмен кел
Егер қолың жетпесе әуре болма
Мұқағал атамыз айтқандайын
Өз обалың өзіңе өзіңнен көр

Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары
Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары

Қолы жеткен шын бақытқа кенелет кенелет
Шамаң жетсе жеті түнді өлең ет өлең ет
Ақан сері Біржан Салдар жырлаған
Сарыарқаның сұлулары керемет

Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары
Қызғалдақтай қырдағы жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі,ең сұлу қазағымның қыздары
Біздің сайттан Назар – Қазақ қыздары (2018) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Қазақ қыздары (2018)» әні Назар орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама