Гүлмира Ақүрпекова - Тамды аруы
Трек

Тамды аруы

Слушать
Скачать
420
Текст песни
Текст песни: Жамалың жас көктемнің жамалындай,.
Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.

Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.

Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.

Қайырмасы.

Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.
У нас вы можете скачать песню Гүлмира Ақүрпекова - Тамды аруы в формате MP3 на свой телефон или компьютер, слушать в хорошем качестве бесплатно и без регистрации.
Song cover Song cover

Текущий плейлист