Қарақат Әбілдина - Алғыс
Трек

Алғыс

Тыңдау
Жүктеп
754
Ән мәтін
Ән мәтін: Көкжиек күн сәулесін таратқанда
Бақыт бар көрінбейтін әр ақ таңда
Біз ұйықтап кеткен жоқпыз мәңгілікке
Оятқан сансыз алғыс жаратқанға
Қалдырмас өмір атты жолда жалғыз
Барыңды бағала да тәубәңә түс
Жарықты сый ғып беріп, сана беріп
Жасаған жоқтан барды аллаға алғыс

Алғыс анаға
Алғыс әкеге
Алғыс жаспен кәріге
Алғыс бауырға
Алғыс ауылға
Алғыс елдің бәріне

Көрінсе тіршілікте күндестерің
Жөн болар жылы, жұмсақ тілдескенің
Алғыс айт дұшпанды да досыңдай көр
Оларсыз биігіңді-ей білместе едің
Жақсы сөз жанымызды байытар тек
Жаманның жала жауып, айтары кек
Сағаттай сырғып жатқан дүниеде
Алғысың алғыс болып қайтады тек

Алғыс анаға
Алғыс әкеге
Алғыс жаспен кәріге
Алғыс бауырға
Алғыс ауылға
Алғыс елдің бәріне
Біздің сайттан Қарақат Әбілдина – Алғыс әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Алғыс» әні Қарақат Әбілдина орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама