
Трек
Ана (2019)
Қуандық Рахым
Ән мәтін
Ән мәтін:
Ана сенің, ақ жүрегің
Мейірімнің мекені,
Балаң түгіл, далам түгіл,
Бәрі сыйып кетеді.
Бірақ тамшы,
Ақ сүтіңнің табыларма өтеуі.
Ана сенің әлдиіңе,
Қандай әуен жетеді.
қ-сы:
Ана сенің бір тал аппақ шашыңда,
Бейнет бар-ау татитын мың
ғасырға.
Ана сенің бір тамшы көз жасыңда,
Мұхиттанда ауыр мұң бар расында.
Бақытты өмі тарту етші тәңірім,
Бізге өмір тарту еткен асылға.
Мейірімнің мекені,
Балаң түгіл, далам түгіл,
Бәрі сыйып кетеді.
Бірақ тамшы,
Ақ сүтіңнің табыларма өтеуі.
Ана сенің әлдиіңе,
Қандай әуен жетеді.
қ-сы:
Ана сенің бір тал аппақ шашыңда,
Бейнет бар-ау татитын мың
ғасырға.
Ана сенің бір тамшы көз жасыңда,
Мұхиттанда ауыр мұң бар расында.
Бақытты өмі тарту етші тәңірім,
Бізге өмір тарту еткен асылға.