Қуандық Рахым - Жүрегім мұздама
Трек

Жүрегім мұздама

Тыңдау
Жүктеп
721
Ән мәтін
Ән мәтін: Жүргенде тыс қалған адамдай жаратқанның назарынан
Дəмін де татпаған жандардай шын бақыттың базарынан
Тұрғандай торығып бұл жүрек бақытсыздық азабынан
Бейнеңе жолықтым жəннаттың суы менен тазарылған

Жүрегім, жылама, сыздама, мұздама, тағдыр қосар бəлкім
Өмірде шынымен бақытты болуға хақылы ғой əркім
Азапқа тағы да, кеуденің зарына төзер ме екен жүрек?
Ғажаптың барына мендегі дəл мына сенер ме екен жүрек?

Мұңайма бес күндік жалғанда, жарығым-ау, мұңаймашы
Мені де көрмеп еді ешқашан сезім мұңы бұлай басып
Ұсыншы, өмір-ау, тағы да жолығудың бір айласын
Болмаса, тек енді қылмашы мені ешқашан бұлай ғашық

Жүрегім, жылама, сыздама, мұздама, тағдыр қосар бəлкім
Өмірде шынымен бақытты болуға хақылы ғой əркім
Азапқа тағы да, кеуденің зарына төзер ме екен жүрек?
Ғажаптың барына мендегі дəл мына сенер ме екен жүрек?

Азапқа тағы да, кеуденің зарына төзер ме екен жүрек?
Ғажаптың барына мендегі дəл мына сенер ме екен жүрек?

Ғажаптың барына мендегі дəл мына сенер ме екен жүрек?
Біздің сайттан Қуандық Рахым – Жүрегім мұздама әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Жүрегім мұздама» әні Қуандық Рахым орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама