
Текст песни
Текст песни:
Сенсіз қалсам қалатындай ғаламсыз-
Неге менің жаным жүдеу, санам-сыз?
Жұмыр жердің жеті миллиард пендесі-
Сені ойламай ұйықтайды ғой…
Алаңсыз…
Қайырмасы:
Бақ болсаң да қонбай қолын бұлғаған,
Шер болсаң да түн ұйқымды ұрлаған!
Әлем маған сеніменен әдемі-
Тек сенімен ғажап маған бұл ғалам!
Сергелдеңге толып алды бұл кешім-
Сенсіз алға баспай қойды жыр көшім!
Таң қаламын бақыттымын дегенде-
Сені мүлде танымайтын бір досым!
Неге менің жаным жүдеу, санам-сыз?
Жұмыр жердің жеті миллиард пендесі-
Сені ойламай ұйықтайды ғой…
Алаңсыз…
Қайырмасы:
Бақ болсаң да қонбай қолын бұлғаған,
Шер болсаң да түн ұйқымды ұрлаған!
Әлем маған сеніменен әдемі-
Тек сенімен ғажап маған бұл ғалам!
Сергелдеңге толып алды бұл кешім-
Сенсіз алға баспай қойды жыр көшім!
Таң қаламын бақыттымын дегенде-
Сені мүлде танымайтын бір досым!