Қуандық Рахым - Сүйемін мәңгі (2019)
Трек

Сүйемін мәңгі (2019)

Тыңдау
Жүктеп
1.9K
Ән мәтін
Ән мәтін: Сенде менің тілегім қалды
Сенде менің жүрегім қалды
Сол үшін де сырымды сақтап
Еш үмітсіз сүйемін мәңгі
Менде сенің арманың қалды
Өзгермейтін талғамың қалды
Өз бағыңды жолықтырсаң да
Сен де үнсіз сүйесің мәңгі

Қайырмасы:
Өңім бе еді, түсім бе еді
Тағдыр бізді түсінбеді
Түсінбеді, түсінбеді
Кешір тағдыр үшін мені
Сен ғана сүйгенім айым
Жол бөтен енді қалай қылайын
Жаныңа жаңбырмен барып тұрайын

Сезім сөнбей ақылды аттайды
Жанарымда лапылдап қайғы
Бір құшақтап алғым келсе де
Бізді тағдыр жақындатпайды
Енді сенің қорғаның бөлек
Енді менің жолдарым бөлек
Шын сүйген соң шытынаса да
Шын бақ тілеп соғады жүрек
Біздің сайттан Қуандық Рахым – Сүйемін мәңгі (2019) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сүйемін мәңгі (2019)» әні Қуандық Рахым орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама