Ұланғасыр Қами - Достар қайда
Трек

Достар қайда

Тыңдау
Жүктеп
604
Ән мәтін
Ән мәтін: 1. Сабақтан қашып,
Бірге су тасып,
Достармен шулап,
Ойнайтын асық-ай, жайма,
Шуақ кездер қайда?

Қыздарға ғашық,
Сезімдер тасып,
Жүректің сөзін,
Айтшы бір ашып-ай, сайра,
Дейтін достар қайда?


Жан достардың,
Жол-дастардың,
Сол достардың әнін салды жүрек,
Досқа тірек,
Арналсын тілек.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Ақкөңіл аңқылдаған,
Дос керек маған мықты.
Жарқылдаған,
Ту етер адалдықты.
Жақтаған,
Сақтаған,
Достықты бірге.

Жеткізер мұраттарға,
Дос керек маған мықты,
Сынақтарда,
Артпайтын саған жүкті,
Жаны бір,
Әні бір,
Күнде.

Құрдастар қайда,
Шын достар қайда,
Сырластар қайда,
Көздемес пайда тек пайда,
Іс қылмайтын майда!

Сыныптас қайда,
Ғұрыптас қайда,
Аяқтан шалып,
Асырмас басыңнан айла,
Сенім берер бойға.
Біздің сайттан Ұланғасыр Қами – Достар қайда әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Достар қайда» әні Ұланғасыр Қами орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама