Adilet Zhaugashar - SÚIIÁ
Трек

SÚIIÁ

Тыңдау
Жүктеп
6
Ән мәтін
Ән мәтін: Иә десең, алармын теңім ғой деп,
Жоқ десең, қалармын өмір ғой деп.
Жазға сай кигенің — жеңіл көйлек,
Ой, неткен бойжеткен...

Кезіктірдім-ай сұлудың жақсырағын,
Сезіп тұрмын-ай сезімнен от шығарын.
Нәзік құрбым-ай, жүректі тапсырамын.

Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Жоқ деуге келтірмеші сия.
Одан да мені қатты сүй, иә, сүй, иә.
Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Алмаймын сені ешкімге қия,
Сол үшін мені қатты сүй, иә.

Хош иісті, недеген сендегі әтір,
Сол әтірден жоғалды мендегі ақыл.
Бар әлемнің бақыты сонда жатыр.
Көріктім-ау, көйлегің жер тербеткен,
Көйлегіңдей мінезің көркем неткен.
Еліктірмей, бір сүйгіз, еркем, бетіңнен.

Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Жоқ деуге келтірмеші сия.
Одан да мені қатты сүй, иә, сүй, иә.
Сұлудың «жоқ» дегені — «иә»,
Алмаймын сені ешкімге қия,
Сол үшін мені қатты сүй, иә.
Біздің сайттан Adilet Zhaugashar – SÚIIÁ әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «SÚIIÁ» әні Adilet Zhaugashar орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама