Айдана Меденова - Мінәжат
Трек

Мінәжат

Тыңдау
Жүктеп
93
Ән мәтін
Ән мәтін: Тұра берсін жер аман, тауым да аман
Аман жүрсін досым да, жауым да аман
Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,
Қиналғанын сезіну - ауыр маған...

[Қайырмасы]
Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Жаратқан-ай сақтағай адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған!

Көңілім бар ешкімге тарылмаған,
Аман болсын жат адам,
бауыр да аман,
Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан,
жұлдыз ағып құласа - ауыр маған...

[Қайырмасы]
Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Жаратқан-ай сақтағай адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған!

Шаршасам да қуатты дауылдардан,
Жауындардан беймезгіл сауылдаған.
Бәріне де көнер ем, тек сәбидің,
Жаутаңдаса жанары - ауыр маған...

[Қайырмасы]
Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Жаратқан-ай сақтағай адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған!

Сөзі: Ақберен Елгезек
Біздің сайттан Айдана Меденова – Мінәжат әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Мінәжат» әні Айдана Меденова орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама