Айдар Тұрғанбек - Тәй-тәй балапан
Трек

Тәй-тәй балапан

Тыңдау
Жүктеп
196
Ән мәтін
Ән мәтін: Аңқыған иісіңнен
Сен барда үй ішінде
Алланың сыйы үшінде
Аялап ай апасын
Саялап ай аташын
Ұйқыдан оятасың сен
Желбіреп қолың жаным
Қошақан құлыншағым
Томпиған ұрыншағым сен
Бөбегім бөбектейім
Көбейгін көжектерім
Қолыңнан жетектейін мен

Қайырмасы
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам

Бал тілің балдыраған
Күлкіңнен сылдыраған
Өмірің құнды маған
Сыйлаған әр таң маған
Аз басып талтаңдаған
Балпағым балпаңдаған

Қайырмасы
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам
Тәй-тәй-тәй-тәй балапан!
Елдің бәрін саған қаратам
Біздің сайттан Айдар Тұрғанбек – Тәй-тәй балапан әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Тәй-тәй балапан» әні Айдар Тұрғанбек орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама