Айқын Төлепберген - Алтыным
Трек

Алтыным

Тыңдау
Жүктеп
237
Ән мәтін
Ән мәтін: Қаракөз, ең алғашқы сүйген қызым
Көктемім, жазым менің, кузім, қысым
Армандап, жыл мезгілін қалай күтсем
Олда менің көптен күткен аққу құсым

Қалап ем махаббаттым қаламқасым
Қолдан ұштың қанатты карлығашым
Аймалап аялаған күндерімді
Қалайша сен есімнен шығарсың

Алтыным менің
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім
Жүрегім кеудеме сымайды-ау
Сол менің жүрегімді қинайды

Алтыным менің
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім
Жүрегім кеудеме сымайды-ау
Сол менің жүрегімді қинайды

Алтыным

Күте, күте сарғайдым хаттарыңды
Сағынышым жыр болып ақтарылды
Мен ғана жалғыз сені сағынатын
Ойлап тұрсам осы бір шақтарыңды

Ұмыттыңба жастықтың көп күндерін?
Сол жылы алма-ағаштар көп гүлдеді
Сол жылы көрші үйдің баласына
Мәңгілікке айырбастап кеттің мені

Алтыным менің
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім
Жүрегім кеудеме сымайдау
Сол менің жүрегімді қинайды

Алтыным менің
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім
Жүрегім кеудеме сымайды-ау
Сол менің жүрегімді қинайды

Алтыным
Біздің сайттан Айқын Төлепберген – Алтыным әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Алтыным» әні Айқын Төлепберген орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама