Ақгүл Айса - Сағындым әкемді
Трек

Сағындым әкемді

Тыңдау
Жүктеп
0
Ән мәтін
Ән мәтін: Тұманды сәтінде таңымның,
Жабырқау күндерде жаным мұң.
Мәйегі балалық шағымның,
Асқар тау әкемді сағындым.

Сағындым әкемді сағындым,
Жанашыр қамқоршым сабырлым.
Өшпейтін бейнеңмен өмірде,
Демеу боп тұрасың көңілге.

Алдымда тұрасың паң күліп,
Дауысың санамда жаңғырып.
Көзімнен кетпейді күлгенің,
Жадымда қаласың мәңгілік.

Бұл күнде сіз жоқсыз сол қайғы,
Балаңыз сізге әнін жолдайды.
Ақылшы көп мынау өмірде,
Бәрібір әкеңдей болмайды.
Біздің сайттан Ақгүл Айса – Сағындым әкемді әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сағындым әкемді» әні Ақгүл Айса орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама