Амандық Жаппарбердиев - Айдарбек баба
Трек

Айдарбек баба

Тыңдау
Жүктеп
1
Ән мәтін
Ән мәтін: Айдарбек баба

Жаудан қорғаған күшіміз еді,
Батырлығымыз бір төбе.
Текті жұрт едік Кіші жүз еді,
Тазартып жаудан айдынын,
Аузына елді қаратқан,
Айдарбек батыр айбыным,
Белінен батыр таратқан.

1) Қалқаны қара өр болған,
Алғаны бата, төр болған.
Қылышы қайқы Қарагер,
Өрістен туы бір болған,
Бабамыз біздің Айдарбек.

2) Ардана кенже жас батыр,
Татыран тұңғыш бас батыр,
Күліктің күші орасан,
Алтынбай аңғал хас батыр,
Бабамыз біздің Айдарбек.

Қайырмасы:

Аттан түспеген ақыры,
Хан болуға да хақылы,
Ақсауытт айдарбек,
Алты Әлімнің баласы,
Алты Алаштың батыры,
Алты Алаштың батыры,
Бабамыз біздің Айдарбек.

Ақсауыт киген,
Ел-жұртын сүйген.
Досы қуанып,
Дұшпаны күйген.
Тұлпарын ерттеп,
Ел қорғау «серт» деп,
Өткен бабалар,
Не деген текті ед.
Тұлпарын ерттеп,
Ел қорғау «серт» деп,
Өткен бабалар,
Не деген текті ед.

3) Айдарбек төбе кең қорған,
Айналып өтпе шер болған,
Үш Жүзге сауын айттырып,
Төрт ұлы бір-бір ел болған.
Бабамыз біздің Айдарбек.


4) Барған соң Алла бұйырып,
Төрт көзі түгел жиылып,
Қылышпен бірге қолына,
Құран ұстаған сыйынып,
Бабамыз біздің Айдарбек.

Қайырмасы:

Аттан түспеген ақыры,
Хан болуға да хақылы,
Ақсауытт айдарбек,
Алты Әлімнің баласы,
Алты Алаштың батыры,
Алты Алаштың батыры,
Бабамыз біздің Айдарбек.
Біздің сайттан Амандық Жаппарбердиев – Айдарбек баба әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Айдарбек баба» әні Амандық Жаппарбердиев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама