Kanat Umbetov - Мен сіздерді жақсы көремін (2018)
Трек

Мен сіздерді жақсы көремін (2018)

Тыңдау
Жүктеп
831
Ән мәтін
Ән мәтін: Жүрекке байлап асқақ арманды
Жасаған елге жақсы амалдарын
Жандары жайсаң жақсы адамдарым
Тағдыр жолында танысқандарым
Жалған өмірде жарысқандарым
Қалжыңдап иық қағысқандарым

Қайырмасы
Қандастарым ауылдастарым
Құрдастарым дəуір қосқандарым
Тіршілік деп ауыр басқаным
Мен сіздерді жақсы көремін
Қариялар қалың дастаным
Алаулаған жалын жастарым
Əпкелерім қарындастарым
Мен сіздерді жақсы көремін

Асқар тау əкем анашым жаным
Ақылшы аға дара шыңдарым
Жаныма жалау жанашырларым

Қайырмасы
Қандастарым ауылдастарым
Құрдастарым дəуір қосқандарым
Тіршілік деп ауыр басқаным
Мен сіздерді жақсы көремін
Қариялар қалың дастаным
Алаулаған жалын жастарым
Əпкелерім қарындастарым
Мен сіздерді жақсы көремін
Біздің сайттан Kanat Umbetov – Мен сіздерді жақсы көремін (2018) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Мен сіздерді жақсы көремін (2018)» әні Kanat Umbetov орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама