Асқар Жүнісбеков - Сен қасымда болмасаң
Трек

Сен қасымда болмасаң

Тыңдау
Жүктеп
3
Ән мәтін
Ән мәтін: Ешбір ғажап қызықтырмас менің жанымды
Сен қасымда болмасаң
Өмір азап солғын тартар жүрек жалынды
Сен қасымда болмасаң
Түн де күліп тамылжымас, таң да атпайды
Сен қасымда болмасаң
Күн де түнді тартып алып нұрын шашпайды
Сен қасымда болмасаң

Қайырмасы
Баурап алатын дидарың қандай
Қарай берем мен көзімді алмай
Жаутаң кағатын жанарың қандай
Арай төгетін алтын таңдай

Табиғат та тамашасын жасырып алған
Сен қасымда болмасаң
Бір сұлулык байқалмайды қасымда қалған
Сен қасымда болмасаң
Күн де бір сәт көтерілмей жүрек жылайды
Сен қасымда болмасаң
Бар әлемнің бар байлығы, бар байлығы түкке тұрмас
Сен қасымда болмасаң

Қайырмасы
Баурап алатын дидарың қандай
Қарай берем мен көзімді алмай
Жаутаң кағатын жанарың кандай
Арай төгетін алтын таңдай
Біздің сайттан Асқар Жүнісбеков – Сен қасымда болмасаң әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сен қасымда болмасаң» әні Асқар Жүнісбеков орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама