ASSET - Ballad
Трек

Ballad

Тыңдау
Жүктеп
0
Ән мәтін
Ән мәтін: Айналғаны ма көктеміміз күзге, күзге?
Айналмадық па біздер бізге?
Берген қайда қалды сөздер?

Екеумізде шуақ бар
Бұл уақытша сынақтар
Деп ойлап, айналдым ақымаққа тағы
Кеттің бе? Кет одан әрі

Болғаны ма құшағым тар?
Бар
Жолыңнан қалма бірақ
Ал есіңе сақтап

Сен — мәңгі көктемім
Менің оттегім, сенсіз — жоқ демім
Тағдыр кеп, “ұмыт” дегенде — “жоқ” дедім
Енді ұмытамын деп
Миым қойғанымен нүктені
Жүрегімде — сұрақ белгі

Қайда жүрсең де — көз алдымда бейнең, бейнең
Ойға ала ма жүрегің мені кейде?
Әлде елеңдемей ме?

Екеумізде шуақ бар
Бұл уақытша сынақтар
Деп ойлап, айналдым ақымаққа тағы
Кеттің бе? Кет одан әрі

Болғаны ма құшағым тар?
Бар
Жолыңнан қалма бірақ
Ал есіңе сақтап

Сен — мәңгі көктемім
Менің оттегім, сенсіз — жоқ демім
Тағдыр кеп, “ұмыт” дегенде — “жоқ” дедім
Енді ұмытамын деп
Миым қойғанымен нүктені
Жүрегімде — сұрақ белгі
Бізде сіз ASSET - Ballad әнін mp3 форматында телефоныңызға немесе компьютеріңізге жүктей аласыз, жақсы сапада тегін және тіркеусіз тыңдай аласыз.
Song cover Song cover

Топтама