Бәйтерек тобы - Ханшайым
Трек

Ханшайым

Тыңдау
Жүктеп
323
Ән мәтін
Ән мәтін: Сен сұлу ханшайымсың, бұралған бал қайыңсың.
Армансың бозбалаға, жар іздеген ханзадаға.
Жанымның жұлдызысың, бағымның бұлбұлысың,
Шуағың таралғандай, сұлулықтан жаралғандай.

Ертегі "мың бір түн" бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің?
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған! (2х)

Тотыдай түрленесің, ғажайып күйге енесің,
Назданып нұрланғанда, құлпырады бұл жалған да,
Аялы жан сырымсың, аяулым бал шырынсың,
Шығыстың аруын-ай, ақ сәулелі, ай нұрындай.

Ертегі "мың бір түн" бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің?
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған! (2х)

Таң нұрымсың, жан гүлімсің, жан жырымсың шалқыған,
Ертегімсің, көктемімсің көңілімде балқыған.
Аққуымсың, гәккуімсің сезіміді баураған,
Тұмарымсың, сыңарымсың жүрегімді жаулаған.

Ертегі "мың бір түн" бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің?
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған! (4х)
Бізде сіз Бәйтерек тобы - Ханшайым әнін mp3 форматында телефоныңызға немесе компьютеріңізге жүктей аласыз, жақсы сапада тегін және тіркеусіз тыңдай аласыз.
Song cover Song cover

Топтама