Baygun, Құдайберген Бекіш - Өмір өзен
Ән мәтін
Ән мәтін: Қайран қамсыз жастық ай
Сезімін жасырмайтын
Жүрегмнің тасқыны ай
Екпіні басылмайтын

Жанымның алауын
Ұрлады уақыт бүгін
Жығылған жоқ алауым
Мен әлі бақыттымын

Талайларға болып едік арман
Аспанда тұрған жұлдыздай
Қайда қалды сол бір күндер жалған
Біздерге мойын бұрғызбай

Жастық дәурен қайта келмес енді
Ауылы оның тым алыс
Сол шақтардан жалғыз қалған белгі
Көңілге болған жұбаныш

Қайран қамсыз жастық ай
Сезімін жасырмайтын
Жүрегмнің тасқыны ай
Екпіні басылмайтын

Жанымның алауын
Ұрлады уақыт бүгін
Жығылған жоқ алауым
Мен әлі бақыттымын
Біздің сайттан Baygun, Құдайберген Бекіш – Өмір өзен әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Өмір өзен» әні Baygun, Құдайберген Бекіш орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама