Əбдіреймов Майрамбек - Есіңе мені алғайсың
Трек

Есіңе мені алғайсың

Тыңдау
Жүктеп
771
Ән мәтін
Ән мәтін: Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Онаша жалгыз калганда
Есіңе мені алғайсың
Арманда жаным арманда
Онаша жалгыз калганда
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Қyрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Біздің сайттан Əбдіреймов Майрамбек – Есіңе мені алғайсың әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Есіңе мені алғайсың» әні Əбдіреймов Майрамбек орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама