Бейбіт Сейдуалиева - Қайдасың
Трек

Қайдасың

Тыңдау
Жүктеп
693
Ән мәтін
Ән мәтін:
Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн.
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым.
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным.

Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан.
Әлі тұр гүлдер де,
Самал жел шайқаған.
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған.
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың, қалқажан?!

Көруге жаралған
Сен бейне айнасың.
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын.
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын.
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!
Біздің сайттан Бейбіт Сейдуалиева – Қайдасың әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Қайдасың» әні Бейбіт Сейдуалиева орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама