Бекболат Тілеухан - Елім менің
Трек

Елім менің

Тыңдау
Жүктеп
405
Ән мәтін
Ән мәтін: Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің!

Қазақстаным – жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім,

Бостандық еді-ау асыл арманың.



Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың-ей,

Берік болсын-оу босағаң!



Бабамның қаны, анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке-бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің!



Қайырмасы:

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін!

Берекең мен бірлігің-ей,

Таси берсін-оу өрісің!
Біздің сайттан Бекболат Тілеухан – Елім менің әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Елім менің» әні Бекболат Тілеухан орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама