Бекжан Тұрыс - Қуаныш вальсі
Трек

Қуаныш вальсі

Тыңдау
Жүктеп
416
Ән мәтін
Ән мәтін: Жадырап жанымыз,
Жарасып әніміз,
Болашақ бүгіннен басталғандай.
Нұр құйып көңілге,
Жол сілтеп өмірге,
Арман тұр асқақтап асқар таудай.

Қайырмасы:
А-а-ай, а-а-ай,
Қуаныш көрем көзіңнен,
Өзіңмен, жан құрбым,
Қосылды тағдырым,
Қосылған қос өзен секілденіп.

Өзің боп өлеңім
Шаттыққа бөлендім,
Сәулешім, сенімен танысқалы.
Теңізге телегей
Жол тартқан кемедей,
Бойдақтық бізден де алыстады.

Қайырмасы.

Достарсыз бұл күнде
Күн кешу мүмкін бе,
Досымыз көбейсін, келе берсін.
Жайнай бер, жасқанбай,
Мөлдір боп аспандай,
Кірлетпе көңілдің терезесін.
Біздің сайттан Бекжан Тұрыс – Қуаныш вальсі әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Қуаныш вальсі» әні Бекжан Тұрыс орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама