Белгісіз әнші - Қызыма арнау
Белгісіз әнші - Қызыма арнау
Тыңдау
451
Трек

Қызыма арнау

Белгісіз әнші
Ән мәтін
Ән мәтін: Еркетай едің, елігім-қызым,
Елік те іздер серігін, қызым.
Ақ босағанда актарсың, қалқым,
Анаңның қимас жырымен, қызым

Қайырмасы (REFRAIN):

Сүрінбе, қызым, құлама қызым,
Күлімде мәңгі, жылама қызым.
Әкеңдей камқор болар-ау деумен,
Тапсырдым сені кұдама, қызым.

Бойтұмардай гүлім ең, қызым,
Бой жеткенің бе, шынымен қызым,
Бағынды іздеп бара жатырсың,
Әкеңнің қимас жырымен, қызым.

Қайырмасы:
Сүрінбе, қызым, құлама қызым,
Күлімде мәңгі, жылама қызым.
Әкеңдей камқор болар-ау деумен,
Тапсырдым сені кұдама, қызым.

Құлпырып жүрген гүл-арай, қызым,
Құлпырып өскен құралай, кызым,
Жылатпай сені мәпелеп едім
Жүргейсің енді жыламай, қызым.

Жайнаушы ең гүл-гүл таңымдай, қызым,
Сайраушы ең бүлбұл бағымда, қызым.
Өзіңмен өмір өзгелеу еді,
Думанды дүлдүл шағымдай, қызым.

Қайырмасы:

Жанарың нүрлы, жарқыным қызым,
Жарқырап жүрген алтыным, қызым.
Айдынын тапқан ақку сезіммен,
Көрмеші өмір салкынын, қызым.
Song cover Song cover

Топтама