Даурен Толеубаев - Қарындасыма
Трек

Қарындасыма

Тыңдау
Жүктеп
4
Ән мәтін
Ән мәтін: Дәм тартып жатқа, кеттің бе, қалқам
Жар болар жасқа, жеттің бе қалқам
Сыналған кезде, сүрінбе қалқам
Қиналған кезде, жүдеме қалқам

Еліңді ойлап, езілме қалқам
Анаңды аңсап, егілме қалқам
Жамандық көрсең, жасыма қалқам
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам

Жер басып жүрсем, қорғаның болам
Суықтан қорғар, орманың болам
Әкеңді ойлап, сағынба қалқам
Сыйлы бол әр кез, жарыңа қалқам

Соңымнан ерген, інімдей боп ең
Шуағын шашқан, күнімдей боп ең
Сұқ көзден қорқар, балапан едің
Аққу боп ұштың, табылып теңің

Еліңді ойлап, езілме қалқам
Анаңды аңсап, егілме қалқам
Жамандық көрсең, жасыма қалқам
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам
Жамандық көрсең, жасыма қалқам
Табылам әр кез, қасыңнан қалқам
Біздің сайттан Даурен Толеубаев – Қарындасыма әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Қарындасыма» әні Даурен Толеубаев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама