До-Мажор - Жүрегімді жаралап кеттің.
Трек

Жүрегімді жаралап кеттің.

Тыңдау
Жүктеп
245
Ән мәтін
Ән мәтін: Гүл бейнеңнен сенің көз алмадым арайланған
Түнде, түсте, күндіз өзің жайлы тек ойладым
Алып ұшқан жүрек сағыныштан өртенердей
Оралар деп жаным, жолыңа әр кез қарайладым
Жаз дидарың жайнаған, көзіңнен нұр таймаған
Жайнаушы еді өзіңмен гүлге толып айналам
Бар тілегім, жүрегім сен деп қана ойланам
Алтын арай таңымда бақытымсың, бағым да
Жанымның бар бақыты, болшы мәңгі жанымда
Менің, менің

Қайырмасы: 2 рет
Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым
Сезім бағын аралап әннің асылын
Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым
Қайда жүрсің сен?

Аққуымсың, бірақ айдыныма оралмадың
Арманым боп алдан жолықпадың, қона алмадың
Гүлденерсің жайнап, көктем болып бір келерсің
Жүрсең дағы, қайда, аман болшы ақ арманым
Жаз дидарың жайнаған, көзіңнен нұр таймаған
Жайнаушы еді өзіңмен гүлге толып айналам
Бар тілегім, жүрегім сен деп қана ойланам
Алтын арай таңым да, бақытымсың, бағым да
Жанымның бар бақыты, болшы мәңгі жанымда
Менің, менің
Біздің сайттан До-Мажор – Жүрегімді жаралап кеттің. әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Жүрегімді жаралап кеттің.» әні До-Мажор орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама