Дос-Мұқасан - Алматы түнi
Трек

Алматы түнi

Тыңдау
Жүктеп
8
Ән мәтін
Ән мәтін: Жұлдыздар жерге жақындап
Байланып қалған секілді
Қаз қатар өскен тату бақ
Ойланып қалған секілді

Алматы түні, Алматы түні
Ұйқымды менің ұрлады
Алматы түні, Алматы түні
Мен болып таңды жырлады

Алатау асыл лағылдан
Сәукеле киіп тұр үнсіз
Ұқсайды көше ағынға
Алматы арман тынымсыз

Алматы түні, Алматы түні
Ұйқымды менің ұрлады
Алматы түні, Алматы түні
Мен болып таңды жырлады

Самалға кешкі шомылып
Арманның оты жанады
Менің де жастық өмірім
Көшеде кетіп барады

Алматы түні, Алматы түні
Ұйқымды менің ұрлады
Алматы түні, Алматы түні
Мен болып таңды жырлады
Біздің сайттан Дос-Мұқасан – Алматы түнi әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Алматы түнi» әні Дос-Мұқасан орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама