Досымжан Таңатаров - Аққуым
Трек

Аққуым

Тыңдау
Жүктеп
683
Ән мәтін
Ән мәтін: Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым,
Ұмытамын деп өршітіп алдым отымды.
Жаным-ау сен де келместі күтіп жүрмісің?
Жас жүрегіңе тұмар қып жазып атымды.

Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

Толқыттың мені, есіме түстің, тербедің,
Алтыным менің, қадірін білмес сен менің.
Кешірші жаным, оралмас қайта көктемді,
Кешірші мені, жоғалтқан өмір өрнегін.

Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдімімм!

Аққуым менің, ақ гүлім едің, ғашығым менің,
Асылым едің, қиялым менің, ұяңым едің,
Аяулы арманым.

Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!
Біздің сайттан Досымжан Таңатаров – Аққуым әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Аққуым» әні Досымжан Таңатаров орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама