Дулат Жасұзақ - Мендік сезім
Трек

Мендік сезім

Тыңдау
Жүктеп
67
Ән мәтін
Ән мәтін: Сенің көзің от дейді,
Сенің сөзің шоқ дейді.
Сендей ару бұл құрлық та
Жоқ, жоқ дейді.

Бола берсін көп мейлі,
Оның сөзі өтпейді
Жолыңдағы, соның бәрі
Саған жетпейді…
Ұмытпадым, қылықтарың
Көзден кетпейді…


[Қайырмасы]
Келші, қалшы, күнім сен қасымда,
Сенші, сүйдім, күйдім мен расында
Сен керексің мәңгі менің жаныма
Үміт беріп өтер, уақытты біл,
Күліп келіп мені бақытты қыл
Күте, күте жүрмін сені сағына


Сұлулығы көзіңнің,
Жылулығы сөзіңнің
Оятушы кейіпкері
Мендік сезімнің

Сен лайықсың дәл маған,
От жанары лаулаған
Бірақ жүрек сұлулығы
Жанды жаулаған
Тең болар сен, сен боларсың
Мәңгі жар маған.
Біздің сайттан Дулат Жасұзақ – Мендік сезім әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Мендік сезім» әні Дулат Жасұзақ орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама