Елбол Қуанбек - Ерлікке шақыру
Трек

Ерлікке шақыру

Тыңдау
Жүктеп
9
Ән мәтін
Ән мәтін: ЕРЛІККЕ ШАҚЫРУ


Міне, саған ойланатын келді күн,

Азамат боп атқа міндің сен бүгін.

Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда,

Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің.


Қайырмасы:

А — а — а

Бозбала,

Қанатыңды талдырма,

Алай-түлей жаңбырда.

Тізгініңді беріп қойма тағдырға,


Қорға, жаным, сеніміңді жеруден,

Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.

Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым,

Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.


Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін,

Ер жігіттің намысында бұл бір сын.

Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді,

Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін.

Біздің сайттан Елбол Қуанбек – Ерлікке шақыру әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Ерлікке шақыру» әні Елбол Қуанбек орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама