Ernar Aidar - Қанатыңның Түсi
Трек

Қанатыңның Түсi

Тыңдау
Жүктеп
44
Ән мәтін
Ән мәтін: Сағындым ба, сағындым ба
Көңіл-күй жоқ ой мазалы.
Неге қондың маған келіп,
Сезімдердің шын ғазалы.
Қою түнде есіміңді
Жұлдыздармен кім жазады.
Кімнің туып айы оңынан
Болар екен кім жазалы.

Қайырмасы:
Жердің бетін киіндіріп
Қанатыңның түсіне сай.
Кім сенімен мақтануда
Жүрсің жаным жерлерде қай?
Сары алтындай сағыныш-ай
Оттай жанған жүрегім-ай.
Жалғыздықты көкте Жалғыз
Бір түсінсе, түсінер-ай.

Кірпігіңмен үп еткіз де,
Үміт отын жандырсаңшы.
Жаз боп кел де, қуаныштан
Мені есімнен тандырсаңшы.
Не болмаса өзің келіп
Көңілімді қалдырсаңшы.
Күз боп кел де, сұрланып ап,
Сары жапырақ жаудырсаңшы.
Біздің сайттан Ernar Aidar – Қанатыңның Түсi әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Қанатыңның Түсi» әні Ernar Aidar орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама