Ernar Aidar - Таң сыры
Трек

Таң сыры

Тыңдау
Жүктеп
239
Ән мәтін
Ән мәтін: Кездескенде ақ жүзіңе шағылған,
Күн нұрына ғайран қалып кетіп ем.
Сезімімді күмән санап жаңылған,
Батылым жоқ болғаныма өкінем.

Кімге барып, кімге айтып,
Кімге барып өтінем.

Қала берем мекенімде сені ойлап,
Жүрсе екен деп өз елінде аман-сау.
Бар тілегім – жаз гүліндей жүр жайнап,
Кездесейік жалын атып жанар тау.

Жалындаған жас шағымның
Жанғырығы – жанар тау.

Сағынғанда бір келерсің,
Сарғайғанда бір келерсің,
Алатаудың бауырына.
Біздің сайттан Ernar Aidar – Таң сыры әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Таң сыры» әні Ernar Aidar орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама