Ескендір Хасанғалиев - Атамекен
Ән мәтін
Ән мәтін: Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны-ау деп білем

Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны-ай батады екен

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты-ау деп білем

Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
(Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен)

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Асқар тауын аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі-ау деп білем
Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны-ай батады екен

Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны-ай батады екен
Біздің сайттан Ескендір Хасанғалиев – Атамекен әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Атамекен» әні Ескендір Хасанғалиев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама