Gazizkhan Shekerbekov - Аға
Трек

Аға

Тыңдау
Жүктеп
475
Ән мәтін
Ән мәтін: Саған менің көзімменен қараса
Сөзімменен алмайды ешкім таласа
Сен биіксің аға сенің қасыңда
Алатау да, қаратау да аласа
Маған сендей ешкім құшақ ашпайды
Күннің өзі нұрын сендей шашпайды
Керек десең аға сенің қасыңда
Төрт мұхит та тобығыңнан аспайды

[Қайырмасы]
Осы күнім татитындай ғасырға
Абыройың асуда
Мен өзімді хан ұлындай сезінем
Аға сенің қасыңда
Іні болған аға сендей асылға
Бақ бар екен басымда
Ешкім менің жырта алмайды жағамды
Сен тұрғанда қасымда

Ұқсаса деп сөзім сенің сөзіңе
Ұқсаса деп көзім өткір көзіңе
Кімге еліктпп өскеніңді білмеймін
Мен еліктеп өстім аға өзіңе
Аға сендей бола алмайды басқалар
Өзің барда інің кімнен жасқанар
Сен асылсың аға сенің қасыңда
Алтын күміс құнсыз қара тас болар
Біздің сайттан Gazizkhan Shekerbekov – Аға әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Аға» әні Gazizkhan Shekerbekov орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама