Ибрагим Ескендір - Көк тудың желбірегені
Трек

Көк тудың желбірегені

Тыңдау
Жүктеп
14
Ән мәтін
Ән мәтін: Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені -
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.
Біздің сайттан Ибрагим Ескендір – Көк тудың желбірегені әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Көк тудың желбірегені» әні Ибрагим Ескендір орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама