Ән мәтін
Ән мәтін:
Ызыңдаған шыбыннан , бал дәм еткен заман-ай.
Бай болсада кедейден мал дәм еткен заман-ай.
Жиырмадағы сылқымды шал дәм еткен заман-ай,
Шабан озып жүйріктен алға кеткен заман-ай.
Атағы асып кейбірдің айға жеткен заман-ай,
Бұрынғының тәртібі қайда кеткен заман-ай,
Елудегі ағаңды бойдақ еткен заман-ай,
Ертұрманды жүйрікті жайдақ еткен заман-ай.
Енесінен келіні шай дәм еткен заман-ай,
Қырыққа кеп қыз әрең байға кеткен заман-ай,
Көп адамдар тек байлық ойлап өткен заман-ай,
Тойымсыздар екі ұртын майлап өткен заман-ай.
Мөлдір қайнар бастауға қақ тұратын заман-ай,
Жақынынан сескеніп сақ тұратын заман-ай,
Шарананы қоқысқа лақтыратын заман-ай,
Жас-жеткіншек кәріні жаққа ұратын заман-ай.
Ағайынға ағайын қас қылатын заман-ай,
Дұшпан болып табалап басқа ұратын заман-ай,
Жақсыдан көп жамандар сап құратын заман-ай,
Жала жауып нақақтан жаптыратын заман-ай,
Күре жолды тар етіп тайғақ қылған заман-ай,
Алаяқты шақырып айғақ қылған заман-ай,
Жомарт қолын жоқшылық байлап тұрған заман-ай,
Бұл-бұл үнсіз қораздар сайрап тұрған заман-ай.
Бұның бәрі иманның жоқтығынан Қазағым,
Нәпсі жеңген қарынның тоқтығынан Қазағым,
Иман кетсе бәріде кетеді екен Қазағым,
Қу дүния түбіңе жетеді екен Қазағым,
Ар мен ұят намысты сақтай білсең Қазағым,
Аманатын бабаның ақтай білсең Қазағым,
Жақсыларды көргенде жақтай білсең Қазағым,
Бір-біріңді сыртыңнан сатпай жүрсең Қазағым,
Сақтап қалар бабамның сен ғанасың Қазағым,
Аманат қып қалдырған кең даласын Қазағым,
Сондықтанда кіргенше көрге басың Қазағым,
Орманыда қорғаны сен боласың Қазағым.
Сонда ғана мәңгілік ел боласың Қазағым,
Алыптармен алысқан тең боласын Қазағым,
(Х2) Босағадан алшаңдап төрге озасын Қазағым,
Қарамайды ұяттан жерге басың Қазағым.