IL'HAN - Ake
Трек

Ake

Тыңдау
Жүктеп
52
Ән мәтін
Ән мәтін: Өзіңсіз
Әкешім, өмірімнің он алтыншы жылы өтті
Сағынышым жүдетті
Есіме алсам сол күнді
Өне бойым дір етті

Қауқарсыз
Болсам да қарсы тұрдым сынақтарға келгенде
Қиындықтар көргенде
Жеңіле алмайм, өйткені
Сенің қаның бар менде

Анашым әлі күнге дейін жатады
Суретіңді жастанып
Жастанып
Сен қайтқан күн келген сайын күрсінеді
Жүрегінен жас тамып
Ауыр мұңы басталып

Әке
Басыңа бармағалы көп болды
Кешірші, уақыт жоқ болды
Әке
Шаршамай, талмай ұлың шауып жүр
Ризығын үйдің тауып жүр

Көрсетемін енді бар қызықты анама
Жалғыз анама
Өте жақын арада

Сағынышымызды, мауқымызды басатын
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да

Есейдім
Мықты боп, қатты болып өстім әке жасымнан
Сөз асырмай басымнан
Бұрын саған еркелеп
Шыға алмаушы ем қасыңнан

Маңдайдың
Терімен еңбек етіп жібермедім ақымды
Айтар сөзім ақырғы
Уәде берем, мен сенің
Өшірмеймін атыңды

Анашым әлі күнге дейін жатады
Суретіңді жастанып
Жастанып
Сен қайтқан күн келген сайын күрсінеді
Жүрегінен жас тамып
Ауыр мұңы басталып

Әке
Басыңа бармағалы көп болды
Кешірші, уақыт жоқ болды
Әке
Шаршамай, талмай ұлың шауып жүр
Ризығын үйдің тауып жүр

Көрсетемін енді бар қызықты анама
Жалғыз анама
Өте жақын арада

Сағынышымызды, мауқымызды басатын
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да
Саған ұқсаса екен
Менен туған бала да
Біздің сайттан IL'HAN – Ake әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Ake» әні IL'HAN орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама