Қарақат Әбілдина - Асыл әжем
Трек

Асыл әжем

Тыңдау
Жүктеу
876
Ән мәтіні
Ән мәтіні: Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған
Сағынышым сары ормандай самсаған,
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған. 
 

 
Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуден,
Жылауға да қысылмаймын сен барда. 
Өзің барда қысылмаймын күлуден,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.
 

 
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, 
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Біздің сайттан Қарақат Әбілдина – Асыл әжем әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Асыл әжем» әні Қарақат Әбілдина орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама