Қуандық Рахым - Мен қазақпын
Трек

Мен қазақпын

Тыңдау
Жүктеп
14.1K
Ән мәтін
Ән мәтін: Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем.
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда,
Аламанда ат оздырмай кетер ем.

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Өкінішпен өртенер ем өте мен.
Қасиетті домбыраны қолға алмай,
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем.

Мен қазақпын, бойымдағы қан - қазақ,
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән - қазақ.
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Бар жанымен қуанса екен бар қазақ.

Мен қазақпын, түрім - қазақ, тіл - қазақ,
Мен қазақпын, мен айтатын жыр - қазақ.
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ.

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Қалай басқа байрақтарды көтерем?
Жеті бірдей қазынамнан айрылып,
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем.

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Қонақжайлық жайын білмей өтер ем.
Қымыз, шұбат, қазы-қарта, құрт-майсыз
Қадір қашып, қарным ашып өтер ем.
Біздің сайттан Қуандық Рахым – Мен қазақпын әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Мен қазақпын» әні Қуандық Рахым орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама