Janeok - Little Soldiers
Janeok - Little Soldiers
Тыңдау
0
Трек

Little Soldiers

Janeok
Ән мәтін
Ән мәтін: Деп, болайын ақылшың
Kөңілін табу үшін, баламын тұңғышы
Kел табамын шешімін
Жауапкершіліктің барлығы кім үшін?

Өзгеге жол сілтеп
Қиынға қол сілтеп
Анаға ана, Әкеге әке
Үлгілі болсын деп
Бәріне үлгі болсын деп

Балалық шақ алыстап кеткен мақсатқа жетумен
Аяққа турғаныңды бар адам сеннен күтуде
Ештеңе ойланбай
Ешкімді ойламай
Өз өмірімді өзім үшін сүрсем, бұл қате ме?

Деп, болайын ақылшың
Kөңілін табу үшін, баламын тұңғышы
Kел табамын шешімін
Жауапкершіліктің барлығы кім үшін?

Бойыңды тік ұста
Ойыңды тік ұста
Ыңғайлы болу маңыздыма?
Өмір ме, жарыс па?
Өмірме әлде жарыспа?

Еркіндігім биіктеу тұр басқалардың сөзінен
Айнаға күнде қайталаймын тік қарап көзіме
Не десе о десін
Есімде келісім
Армандарға жетем деген жүрегімнің уәдесін

Кел өмірдің кешінде
Жауапты шешіммен
Өзіңді өшірме
Song cover Song cover

Топтама