Jazzdauren - Әр әйел бақытты болуға лайықты
Трек

Әр әйел бақытты болуға лайықты

Тыңдау
Жүктеп
361
Ән мәтін
Ән мәтін: (Қайырлы күн Қазақстан, сіздермен Қазбек Қасым
Әр мықты ердің артында әйел тұрады
Оларға қамқор болып, оларды аялайық
Ендеше дәл қазір мен сені сүйемін!
Деген жылы сөздеріңізді әйелдеріңізге айтыңыздар
Себебі әр әйел бақытты болуға лайықты!
Күндеріңіз сәтті өтсін!)

Бойында инабат, мінезі байыпты
Кіршіксіз көңілі кірленсе - айыпты
Ол да бір аманат, шайқама қайықты
Әр әйел бақытты болуға лайықты

Анасыз туған көріп пе ең қай ұлтты?
Ақыл мен мінезін өзіне сай қыпты
Әрбір мықты ердің артында тұратын
Әр әйел бақытты болуға лайықты
Әрбір мықты ердің артында тұратын
Әр әйел бақытты болуға лайықты

Бойында инабат, мінезі байыпты
Кіршіксіз көңілі кірленсе - айыпты
Ол да бір аманат, шайқама қайықты
Әр әйел бақытты болуға лайықты

Мақтадай жүрегің несіне қаймықты?
Саған қол көтерген, соншама қай мықты?
Нағыз ер азамат әйелдің тірегі
Әр әйел бақытты болуға лайықты
Нағыз ер азамат әйелдің тірегі
Әр әйел бақытты болуға лайықты

Бойында инабат, мінезі байыпты
Кіршіксіз көңілі кірленсе - айыпты
Ол да бір аманат, шайқама қайықты
Әр әйел бақытты болуға лайықты
Әр әйел сүйікті болуға лайықты
Біздің сайттан Jazzdauren – Әр әйел бақытты болуға лайықты әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Әр әйел бақытты болуға лайықты» әні Jazzdauren орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама