Kairat Nurtas - Сен менің адамымсың (OST Брат или Брак 3)
Трек

Сен менің адамымсың (OST Брат или Брак 3)

Тыңдау
Жүктеп
735
Ән мәтін
Ән мәтін: Сені жаным еш себепсіз ойлап тұрам,
Жаман әдет мен үшін ол болып қалған.
Тым тәтті бір сол сәттерді есіме алып,
Өмір жолына тек өзіңмен ойлап қойғам.
Неге сені Алатаудан сұлу көргем,
Әрбір айтқан сөзіңе кәміл сенгем.
Сезіміме менің күмән болмасын деп,
Жүрегімді жүрегіңе байлап қойғам.

Кездейсоқ кездесіп біз қалсақ көшеде,
Көзіңе жас алмашы жарай ма?
Ақ көйлек кигеніңді маған да,
Шыныңды айтшы жүрек ұнай ма?
Көзден жас құлап барад,
Жүрегім жылап барад.
Төзімің маған шыдай ма?
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.

Артқа тастап қанша алыс болса да,
Жол үстімен шығып кеткім келеді.
Неге менің өмірімнің жолдары,
Қайта саған алып келе береді?
Сенің есімің жүрегімде жатыр көміліп,
Ойымнан кетпей үзіліп,
Оралар деген бір үміт, әй бір үміт.


Кездейсоқ кездесіп қалсақ біз көшеде,
Көзіңе жас алмашы жарай ма?
Ақ көйлек кигеніңді көру маған да,
Шыныңды айтшы жүрек ұнай ма?
Көзден жас құлап барад,
Жүрегім жылап барад,
Төзімді маған шыдай ма?
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
Сен менің адамымсың,
Алыстап барамысың?
Жалғыздық жарасады Құдайға.
Біздің сайттан Kairat Nurtas – Сен менің адамымсың (OST Брат или Брак 3) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сен менің адамымсың (OST Брат или Брак 3)» әні Kairat Nurtas орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама