МузАрт тобы - О менің жүрегім (2017)
Трек

О менің жүрегім (2017)

Тыңдау
Жүктеп
391
Ән мәтін
Ән мәтін: 1.Бұлттың көшіп мұнары,
Алдыңнан күн шығады,
Жұбататын осылай достарын.
Бақыт таңы ататын,
Барма мендей бақытты,
Достарым-ау ашылды аспаным.
Өңім бе әлде түсім бе,
Иран бақтың ішінде,
Алақанға қондырдым құсымды.
Сыңғырладың бұлақтай,
Тағдыр сені жылатпай,
Көктем келіп махаббатты ұсынды.

Қайырмасы:
О, менің жүрегім.
О, менің жүрегім.
Армандаумен, алаңдаумен,
Бақыт күтіп жүр едім.
Жаңа ашылған гүл едің,
Тек жақсылық тіледім.
О, менің жүрегім-ай, жүрегім-ай, жүрегім.

2.Қуаныштан шат көңіл,
Бұл не деген тәтті өмір,
Қайда апарып жанымды қоярмын.
Ойды билеп сан арман,
Жалықпаймын қараудан,
Бақытым-ау, бақытым, аяулым.

Қайырмасы:
О, менің жүрегім.
О, менің жүрегім.
Армандаумен, алаңдаумен,
Бақыт күтіп жүр едім.
Жаңа ашылған гүл едің,
Тек жақсылық тіледім.
О, менің жүрегім-ау, жүрегім-ау, жүрегім.
Біздің сайттан МузАрт тобы – О менің жүрегім (2017) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «О менің жүрегім (2017)» әні МузАрт тобы орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама