Мадияр Оспанов - Трактор (жаңа нұсқа)
Трек

Трактор (жаңа нұсқа)

Тыңдау
Жүктеп
10
Ән мәтін
Ән мәтін: Мен шаруаның адамы едім қарапайым,
Өзіме енді жұрт назарын қаратайын.
Тракторым — жол көлігім, жан серігім,
Әнге салып, жырға қосып таратайын.

Қ/СЫ:

Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.

Алыс-жақын мекендерді таңдамаймын,
Ауыр-жеңіл міндеттерді талғамаймын.
Жаяу жүрсем, жалғыз қалсам, жабырқасам,
Көз салам да, қол созамын, армандаймын.

Қ/СЫ:

Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.

Тракторшы болғаныма «тәубә» етемін,
Жақын тартам моторыңдай жан бөтенін.
Бар ма бақыт, жанға жақұт сенен асқан,
Сол үшін мен, сені жырлап мәңгі өтемін.

Қ/СЫ:

Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.
Біздің сайттан Мадияр Оспанов – Трактор (жаңа нұсқа) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Трактор (жаңа нұсқа)» әні Мадияр Оспанов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама