Меломен тобы  - Бақыт құшағында
Трек

Бақыт құшағында

Тыңдау
Жүктеп
249
Ән мәтін
Ән мәтін: Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім?!
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.

Қайырмасы.
Кел билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған.
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген,
Жырмысың армандай.
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай.
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.

Қайырмасы.

Күнәсіз шуақпын
Жаныңа үңілген.
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген.
Сүйемін мен күнді
Көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді,
Әлдиле жанымды.
Біздің сайттан Меломен тобы – Бақыт құшағында әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Бақыт құшағында» әні Меломен тобы орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама