Мирас Жугунусов - Ózgeshemin
Трек

Ózgeshemin

Тыңдау
Жүктеп
468
Ән мәтін
Ән мәтін: Сезімімді сөніп қалған ескі
Шолпанымдай жағып едің кешкі
Жүргенімде күтпей жанды ешбір
Сиқырыңмен шығардың-ау есті

[Қайырмасы]
Біл, ақиқатты біл, сен десе көңіл жайытылсын
Бір меніменен бір кешуге ғұмыр дайынбысың
Өзгешемін жаныңда сенің, өң бойыма толады сенім
Өзгешемін жаныңда сенің, тым ерекше себебі әсерің


Жүрегімді сезіміңе төркін
Етіп алу енді сенің еркің
Тек өзіңнің теңдесі жоқ көркің
Сарқылмайтын берді маған серпін

[Қайырмасы]
Біл, ақиқатты біл, сен десе көңіл жайытылсын
Бір меніменен бір кешуге ғұмыр дайынбысың
Өзгешемін жаныңда сенің, өң бойыма толады сенім
Өзгешемін жаныңда сенің, тым ерекше себебі әсерің

Өзгешемін жаныңда сенің, өң бойыма толады сенім
Өзгешемін жаныңда сенің, тым ерекше себебі әсерің
Біздің сайттан Мирас Жугунусов – Ózgeshemin әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Ózgeshemin» әні Мирас Жугунусов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама