Мұқасан Шахзадаев & Мейрамбек Бесбаев - Есіңде ме, досым
Ән мәтін
Ән мәтін: Келші достым құрайық әңгіме бір
Естелігі тербетер жанды небір
Асыр салып жүргенде біз екеуміз
Орта жолға тақалып қалды өмір

Қайырмасы
Есіңдеме досым арман кездер
Санаулы екен салған мөлдір көздер
Есіңдеме ес білмей есірлікпен
Көзімізді көгертіп алған кездер
Есіңдеме күнде де түндер демей
Албырт жастық алаулап жанған кездер

Келші досым шырқайық достар әнін
Қуат берсін жаныма қостағаның
Еске алайық бәрінде бір армансыз
Сағыныштың толтырып тостағанын

Қайырмасы
Есіңдеме досым арман кездер
Санаулы екен салған мөлдір көздер
Есіңдеме ес білмей есірлікпен
Көзімізді көгертіп алған кездер
Есіңдеме күнде де түндер демей
Албырт жастық алаулап жанған кездер

Аз емес ғой өткерген сындарымыз
Аз емес ғой алынған шыңдарымыз
Ат тұяғын тай басса шыныменен
Біз секілді дос болсын ұлдарыңыз

Қайырмасы
Есіңдеме досым арман кездер
Санаулы екен салған мөлдір көздер
Есіңдеме ес білмей есірлікпен
көзімізді көгертіп алған кездер
Есіңдеме күнөде де түн демей
Албырт жастық алаулап жанған кездер
Біздің сайттан Мұқасан Шахзадаев & Мейрамбек Бесбаев – Есіңде ме, досым әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Есіңде ме, досым» әні Мұқасан Шахзадаев & Мейрамбек Бесбаев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.

Популярные исполнители

Танымал жинақтар

Танымал альбомдар

Song cover Song cover

Топтама